Шымкентте жыл сайын 10 мыңға жуық адам интернет алаяқтарының құрбаны болады

Сурет: pixabay
Шымкентте жыл сайын 10 мыңға жуық адам қаржы пирамидаларының арбауына түсіп, интернет алаяқтарына тұтылады. Күмәнді сайттарға сеніп ақша аударып, сан соғып жатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай деректі экономикалық тергеп - тексеру департаменті келтіріп отыр. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мегаполис жастарының қатысуымен "Әділетті Қазақстан: экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылық кепілі" акциясы өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Жыл басынан бері Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 13 қылмыстық топтың ісі әшкере болды. Олардың ісі қазір сотта қаралуда. Анықтау, іздестіру, тергеу жұмыстары аяқталғанымен, алаяқтардың арбауына түскендер әлі де табылып жатыр.

"Қаржы пирамидасына ақша салған адамдарды зерттесек, негізгі бөлігі мұғалімдер, медицина қызметкерлері, әйел адамдар. Біреулері несие алып, қаржы пирамидаларына құйған." Комилхон Ысмайлов, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы

Интернет алаятық: құмар ойындарға бәс тігу, онлайн несие рәсімдеу, лудомания. Оңай олжа іздегендер қаржы пирамидасынан бөлек осындай істердің де жиі құрбаны болады. Құқық қорғау органдары ұйымдастырған арнайы акция барысында 2 мыңдай азаматқа түсіндіру жұмысы жүргізілді. Олардың арасында жастар да бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты