Синоптиктер Қазақстанның шығысында боран соғатынын болжады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 27 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр, қар жауады деп болжады.

"Республиканың батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады, Шығыста боран соғады", – делінген хабарламада.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0,-2°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +11+13°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды