Павлодар облысында көлік үш жылқыны қағып кетті

Сурет: ҚР ІІМ
27 қазан күні сағат 06:15-те Toyota Estima автокөлігінің жүргізушісі Екібастұз – Стелла автожолымен жүріп келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған үш жылқыны қағып кеткен.

Апат салдарынан жылқылар өліп, көлік құралы зақымданған. Жылқы иесі анықталды.

Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция жәбірленушіні әкімшілік жауапкершілікке тартумен қатар, жүргізушіге келтірілген материалдық залалды өтеу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар екенін атап өтті.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті