Синоптиктер Шығыс Қазақстанда қалың қар жауады деп болжады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында Атлант циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен күн райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, еліміздің шығысында кей жерлерде қалың қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде антициклонның екпінімен күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астана – көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С.

Алматы – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.

Шымкент – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды