Астанаға түркі әлемінің қаржы орталығы мәртебесі берілді

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 3 қарашада Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде негізгі баяндама жасады. Президент Қазақстан астанасына түркі әлемінің қаржы орталығы мәртебесі берілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан басшысы өз сөзінде өңіраралық сауданы кеңейтіп, экономикаға инвестиция салуға назар аудару керектігін атап өтті.

"Бұл мәселеде Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарады. Экономикалық байланыстарды нығайту үшін жасыл қаржы нарығын дамыту қажет. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Түркі жасыл қаржы кеңесін құруды ұсынды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін біршама жұмыстар атқарылған.

"Бүгін тиісті құжатқа қол қойылады. Астанаға Түркі әлемінің қаржы орталығы мәртебесін беру бастамасы қолдау тапты. Осы шешіміңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президент Қауіпсіздік кеңестері бас хатшыларының үшінші отырысын Астанада өткізуді ұсынған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды