Синоптиктер 9-11 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты

Сурет: pexels
Синоптиктер алдағы үш күндегі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2023 жылғы 9-11 қараша аралығында елордада және еліміздің екі мегаполисінде жауын-шашын болады, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада:

9 қараша – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан    соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +6+8°С;

10 қараша – бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0+2°C;

11 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +6+8°C.

Алматыда:

9 қараша – көшпелі бұлтты, күндіз – жаңбыр, кейде қатты жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 2-7, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С;

10 қараша – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жаңбыр жауып, тұман түмеді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +6+8°С;

11 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +11+13°С.

Шымкентте:

9 қараша – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +8+10°С;

10 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С;

11 қараша – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды