Жамбыл облысында жерасты кеніштерінде тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр

Сурет: Қазақмыс корпорациясы
2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания нақтылап өткендей,  26 учаске бойынша 64 бригаданың 145 кенжардағы жұмыстары тоқтатылды. 


"2023 жылдың 30 қарашасында 127 кенжар бойынша жұмыстар қайта жанданды. Келеңсіздіктерді жою жұмыстары 18 кенжарда жалғасуда. Бас инженерлердің төрағалығымен құрылған комиссиялар тау-кен жұмыстарын тексеру және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда, ал тау-кен қазбаларының опырылу қаупінің алдын алу, жөндеу және бекіту жұмыстары атқарылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін компания басшылығы жұмысы тоқтап тұрған кенжардың ұжымдарына тексеру жүргізілген барлық уақыт үшін жалақыны толық көлемде есептеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бұршақ, дауыл және аптап ыстық: 16 тамызда елде ауа райы қандай болады

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті