Ауа райының қолайсыздығынан 100-ге жуық апат: полицейлер астаналықтарға үндеу жасады

Сурет: unsplash
Астанада ауа райының қолайсыздығынан 100-ге жуық жол апаты орын алды. Осыған орай, бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда елордалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық жол полициясы нақтылағандай, 4 желтоқсан сағат 20:00-ден 5 желтоқсан сағат 9:00-ге дейін елордада 93-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуге жол бермеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.

Ведомстводағылар жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақтық танытуы керектігін баса айтты.

"Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өту керек. Жол қозғалысы ережелерін елемеу, атап айтқанда, жылдамдықты сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін." Астана ПД баспасөз қызметі

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 5 желтоқсанында жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшетіні бұрын хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео