Қарағандыда мектеп ұжымы басын жарып алған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған

Сурет: pixabay
Басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған қарағандылық мектеп ұжымына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Оқу-ағарту министрлігі ұстаздар қауымының дәрігерлерді неге шақырмағанына аң-таң, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Дәрігер шақырмай, оқушыны қансыраған күйінде үйіне жібере салған мектеп ұжымына қатысты іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтап жатырмыз. Қос тараптың да айтары бар деп ойлаймын". ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан

Жауапты сала мамандары мектепте медицина қызметкерінің бар-жоғын анықтап жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желіде қарағандылық мектептің жетінші сынып оқушысының анасы мектеп ұжымына наразылығын білдірген. Ол темір есікке басын соғып жарақат алған қызының қансырап үйге әрең келгенін айтқан.

Әйел білім мекемесінде қарапайым мейірбикенің жоқ екеніне шағымданған. 

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды