Полицейлер алматылық көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 12 желтоқсанында Алматы полициясы ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілермен байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.

"Бұл үндеу негізінен көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі", - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Анықтама үшін: Алматы қаласы ЖПҚБ жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің мәліметі бойынша, 11 желтоқсан сағат 20:00-ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы қаласында 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді, Оның 4-уінде жарақат алғандар бар. Қаза тапқандар жоқ.


"Сонымен қатар, ауа райы жағдайының нашарлауына және қар түріндегі жауын-шашынға, ауа температурасының нөлдік деңгейге дейін төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруды ұсынамыз", – деді, полковник Шумаев.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады