Қазақстандық заңнамада жалғыз басты аналар деген ұғым жоқ

Сурет: pixabay
7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында вице-премьер Тамара Дүйсенова толық емес және жалғыз басты аналарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда жалғызбасты аналарға қандай әлеуметтік қолдау бар деген журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер Тамара Дүйсенова оларға жеке көмек түрі қарастырылмағанын түсіндірді.


"Қазақстан заңнамасында "жалғыз басты ана" ұғымына анықтама жоқ. Өйткені ананың баласы болса, бұл – отбасы. Ал біз отбасы ретінде оған тиісті әлеуметтік қолдау көрсетеміз". Тамара Дүйсенова

Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ "толық емес отбасы" термині "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда ғана қолданылатынын атап өтті. Бұл санатқа асыраушысынан айырылған отбасылар жатады және оларға тиісті жәрдемақы қарастырылған.

"Әкесі де, анасы да бар отбасылар бар. Анасы мен баласы ғана бар отбасылар бар. Екі жағдайда да олар "отбасы" деп анықталады. Егер бала бір жасқа толмаған болса, бала күтімі бойынша жәрдемақы төленеді, көп балалы отбасы сияқты, егер төрт бала 18 жасқа толмаған болса, бала мүгедек болса, мүгедектік бойынша жәрдемақы алады". Тамара Дүйсенова

Сондай-ақ, оның айтуынша, Еңбек кодексінде жұмыс істейтін аналарға икемді режимдер қарастырылған.

6 ақпанда жасақталған жаңа үкіметтің құрамында Тамара Дүйсенова вице-премьер қызметін сақтап қалды. Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты