Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысына іргелес бөлігі жеңіл көліктер үшін ашылады

Сурет: видеодан скриншот
Самара-Шымкент автожолында 4-ақпаннан бастап қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір көрші облыстардан қосымша техника жеткізіліп, Ақтөбе-Хромтау учаскесінде 28 жол техникасы жұмылдырылған.

Жолшылар тәулік бойы қар күреп жатыр. Дегенмен жұмыс жылдамдығына ауа райынан басқа да әсер ететін факторлар бар. Бұл - жолда қалған көліктер.

"Жолшылар 200-ден астам көлікті алып шыққанымен, боранның алғашқы күндерінде ірі габаритті жүк көліктерін жолда екі қатармен қалдырып кеткен жүргізушулер бар. Сол себептен арнайы техниканың қозғалысы қиындап тұр. Әр жүк көлікті қардан шығаруға кемі 40 минуттай уақыт жұмсалып, жұмысты жылдамдату үшін бульдозерлер қолданылып жатыр", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол".

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директоры Айбол Данағұлдың айтуынша "Қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігі қамтамасыз етілген сәтте, бірінші кезекте жеңіл көліктерге жол ашылады".

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі