Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Сурет: akorda.kz
11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестерін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл, деп атап өтті президент.

"Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!" Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Кенжәлі Қоңыратбайұлы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталатынын айтқан.

5-6 сәуірге қараған түн – Қадыр түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Пітір садақа ел бойынша 640 теңге (екі келі ұнның орташа бағасы) болып бекітілді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды