Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қарымды қаламгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Жұмабай Шаштайұлы - ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және "Алаш" сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.

Ол "Коммунизм жолы", "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде, "Жалын" журналында еңбек етті. Халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының "Қызын қар", "Жала мен нала", "Жыр жолбарыс", "Біздің заманның Аяз биі", "Жаңғырық" атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады