Жылыту маусымы басталғалы ел бойынша 2890 өрт тіркеліп, 148 адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Елімізде жылыту маусымы басталғалы 2890 өрт тіркеліп, 148 адам қаза тапқан. Жеке сектордағы өрттің алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейд өткізді.

Мамандар биыл 260 тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы 3 жылда мемлекет тарапынан 100 мыңнан аса өрт датчигі орнатылды.

Осы құрылғының көмегімен 71 азаматтың өмірі сақталған.

"Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр. Оның ішінде түсіндіру жұмыстары, арнайы жаднамалар тартылады. Үйдегі жасөспірімдерді, балаларды жалғыз қалдырмау керек екені айтылды. Электр сымдарды қалпында сақтау, пештерді жұмыс қалпында сақтау, уақытылы мұржаларды тазалау, жанып тұрған пештің түбінде киімдерді кептірмеу сияқты осындай үгіт-насихат жұмыстары өткізіліп жатыр." Мадияр Мырзагелдиев, Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды