Павлодарда қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлығы үшін шенеунік сөгіс алды

Сурет: Zakon.kz
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде тәртіптік жазаға Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар басшының орынбасары қатаң сөгіс түрінде жаза алды.

"Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері және басқа да адамдар 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүру үшін жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеуге бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын ұрлаған.  Олар ақшалай қаражатты іс жүзінде жеке көмекшінің қызметін көрсетпеген тұлғалардың есеп-шоттарына негізсіз аударып отырған", - деп хабарлады департамент. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл жағдайға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты