Ұлытау облысында жылқы аштан қырылуда

Сурет: akorda.kz
Ұлытауда тебінсіз қалып қырылған жылқы өлекселері далада шашылып жатыр. Ақпан айы шаруаларға жайсыз тиді.

Қалың қардың арты жылымыққа ұласып, жердің беті мұз құрсанған. Тебіндеу қиындап қылқұйрықтылар азық таппай аштан қырылған. Егер жазғытұрым жатып қалса түрлі инфекциялық аурулар тарауы мүмкін,- деп алаңдайды көпшілік.

Арам өлген малдың нақты саны белгісіз. Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласы тұсыннан жалпы саны 70-ке жуық жылқының өлексесі табылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен оларды кімнің малы екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі ветеринариялық базаға тіркелмеген.

Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келді. Ведомство өкілдері жылқылар "жем-шөптің аздығынан өлген жоқ" дейді.

Өткен күзде облыста мал азығын дайындау үшін шаруаларға 1,4 млрд субсидия берілген. Дегенмен тұрғындар жем-шөпке министрлік тарапынан шекті баға бекітілгені жөн деп есептейді.

Жұт айтып келмейді. Алайда өңірде мал басын сақтандыруға бөлінген 50 млн теңге де игерілмеген. Тіпті бірде-бір бас мал сақтандырылмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел