Неліктен Балқаш көлінде су деңгейі күрт көтерілді

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі бүгін, 2024 жылғы 26 сәуірде Балқаш көлінде су деңгейінің неге күрт көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 сәуір қарсаңында министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева жыл басынан бері Балқаш көліндегі су деңгейі 15 см-ге артқанын: 1 қаңтардағы судың орташа деңгейі 159 см-ге, ал 1 сәуірге қарай бұл көрсеткіш 174 см-ге жеткенін айтты.

Балқаштағы су деңгейінің күрт өсуі көлге тасқын судың жіберілуіне байланысты екен.

"Биыл трансшекаралық Іле өзенінен үлкен көлемде су келгенін айта кеткен жөн. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде су жіберу мүмкіндігі пайда болды".ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ал, Іле өзеніндегі судың үлкен көлемі, Қазақстан мен Қытайдағы су тасқынынан пайда болды.

Министрлік Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін төрт гидропостта бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті:

Оқи отырыңыз: Президент су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге қатаң мерзім қойды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі