Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт дайындалды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысы Махамбет ауданында ағысы қатты нөпір су ырық берер емес. Су тәулік сайын көтеріліп, бөгеттерді шайып кетіп жатыр.

Гидробекеттегі өзен деңгейі 10 метр 20 сантиметрден асты. Ауданда Жайықты жағалай орналасқан 17 елдімекен бар.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мақсатында 22 эвакуациялық пункт дайындалды. Тұрмысқа қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Тасымал үшін 20-дан астам техника сақадай сай тұр.

"Ең бірінші адамдарға қажетті ауызсумен, дәрі-дәрмекпен алғашқы көмек кезінде көрсетілетін, сонымен қатар бензинді генератор бәрі бар. Психологиялық кабинеттер бар және медбикенің бөлмесі де қарастырылып отыр." Венера Қабышева, аудандық білім бөлімінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды