Су тасқынынан өлген жануарлардың етін сатуда - қауесетке Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин 30 мамырда Сенат аясында су тасқыны кезінде өлген жануарлардың еті ел базарларында сатылады деген қауесетке анықтама берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер мұндай қауесеттер қазақстандықтар арасында белсенді түрде таралып жатқанын айтты. Сондай-ақ, тасқын судан өлген малдардың еттері дүкен сөрелерінде тұру ықтималдылығын сұрады.

"Менің ойымша, мұндай қауіп жоқ және бұл мүмкін емес. Өйткені сауда орындарында ветеринарлық зертханалар бар, олардың функциялары тексеру болып табылады. Қазіргі уақытта бізде мұндай ақпарат тіркелмеді", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

ОЛ бүгінде ветеринарлық қызмет барлық жағдайды бақылып отыр деп сенімді түрде айтты. 

Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіткен болатын. 

Армения
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді