Батыс Қазақстан облысында мүлік шығынын өтеуге қосымша 5 млрд теңге бөлінді

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың мүлік шығынын өтеу үшін облыстық бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінеді.

Тиісті қаражат резервке кіріс түсімдерінің есебінен аударылады. Сондай-ақ, осы қаражаттың бір бөлігі баспанасына залал келген тұрғындарға өтемақы төлеуге жұмсалады.

Әрі су басқан ауылдардағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен күрделі жөнделуіне де қаражат резервтен бөлінбек, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір өңірде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған нақты 402 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аймақта барлығы 9 224 отбасыға 3,4 млрд теңге бір реттік әлеуметтік көмек берілді.

"Қазіргі таңда 6 млрд теңге қаражат бар. Қосымша 5 млрд теңгеге мақұлданды. Күні бүгінге 3,8 млрд теңге облыстық резервтен жұмсалған болатын. Басым бөлігі 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік әлеуметтік төлемге берілді. Орал қаласы мен аудандарда зардап шеккен тұрғындарға төленді." Нұрлан Есенғалиев, облыстық Қаржы басқармасының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі