Алматы прокурорлары кезекті инвесторға көмектесті

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде прокуратура органдары тұрақты түрде инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізуде.

Мысалы, Алматы қаласында инвестиция сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтын және 250 жұмыс орнын ашқан "Qulpynai Production" ЖШС-нің "Кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндіру жөніндегі өндірістік кешені" инвестициялық жобасы іске асырылуда.

Алайда Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы инвесторға нысанның құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден заңсыз бас тартқан.

Атап айтқанда, өтінішті қарау кезінде уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қосымшасы талап етілмеген құжаттардың (инженерлік коммуникациялар жөнінде сауалнама парағы) жоқтығына сілтеме жасағаны.

Алатау ауданы прокуратурасының енгізген наразылығын қарау нәтижесі бойынша уәкілетті органның шешімі жойылып, инвесторға рұқсат құжаты берілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмысы ерекше бақылауда.

"Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда проблемалар туындаса, онда Сіз прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнінде Call-орталығы арқылы (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисінен (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз." Алматы қаласының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады