Өзбекстанда бөгет жарылып, жолдарды су басты

Сурет: pixabay
Өзбекстанда Хисорақ жасанды су қоймасының бөгеті бұзылды.

Маңайдағы жолдар су астында қалды. Қашқадария облысына қарасты кей ауылдарда халық алаңдап, өзге жаққа бас сауғалап кетіп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Бұл ақпаратты елдің Төтенше жағдайлар министрлігі растады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ресми мәліметке қарағанда, су қоймасының іргесіне таяу жерде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарынан, бөгетте сызат пайда болып, су сыртқа қарай лап қойған.

Апаттың салдарын жою мақсатында жауапты өкілдерден тұратын жедел штаб құрылды.

"Арнайы техниканың көмегімен қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Республикалық деңгейдегі мамандардан құралған жұмыс тобы шұғыл түрде аймаққа жетіп, жағдайды зерделеді. Төтенше жағдай орын алды деуге негіз жоқ. Қазір қоймадағы судың мөлшері қалыпты деңгейде." Абдулла Кулдашев, Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады