Астанадағы жаңа ауданға қандай атау берілетіні белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
12 маусымда өткен қалалық мәслихаттың отырысында Астананың алтыншы ауданына жаңа атау ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп атап өткендей, ономастикалық комиссияның отырысында олар елорданың жаңа ауданының атауы ретінде "Сарайшық" нұсқасын таңдады.

Сонымен қатар, Тұран, Сауран, Жерұйық сияқты нұсқалар ұсынылды.

21 сәуірде Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елордада алтыншы аудан құру туралы бастама көтерді.

23 мамырда әкімдік Астанадағы жаңа ауданның қандай болатынын көрсетті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды