Атырау облысында үш көлік соқтығысып, шетелдік жолаушы көз жұмды

Сурет: Атырау облыстық полиция департаменті
Атырау облысында үш көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан шетелдік бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін, 15 маусымда болған, деп жазды astanatv.kz.

"Жол апаты таңертеңгі сағат 06:30 шамасында Атырау – Доссор тасжолының бойында тіркеліп отыр. Бір мезгілде үш көлік – КамАЗ, ПАЗ – 32053 және Daewoo Nexia соқтығысты. Жол апаты салдарынан Өзбекстан Республикасында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігіндегі бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Марқұм – Өзбекстан Республикасының 1973 жылғы азаматы", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, үш көліктің бірі – КамАЗ жол жиегіндегі суға құлаған. Бұл жолдың бойына тасқын су тіреліп тұр. Жол апаты тіркелген тұста 496-теміржол бекеті бар.

Ал патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу жүргізуді бастады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты