Алматыда Көкқайнар шағын ауданы су құбыры және кәріз желілерімен толық қамтамасыз етіледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Көкқайнар шағын ауданы кәріз желілерімен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында халықпен кездесуде мәлімдеді. Ол Алматы қаласының Алатау ауданында инженерлік желілерді дамыту бойынша жобалар жалғасып жатқанын атап өтті.

2018-2020 жылдары Көкқайнар шағын ауданында сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауданның дамуымен инженерлік коммуникациялар желілерін кеңейту қажеттілігі туындады.

Бұрын инженерлік желілерге қосылмаған және 400-ден астам адам тұратын 80 үй сумен және кәрізбен қамтылатын болады. Ұзындығы 3 км желілер Ақбастау, Бесағаш, Арқалық, Көкқайнар, Ақшағыл және Мамбетов көшелерімен өтеді.

Осылайша, Көкқайнар шағын ауданы су құбыры мен кәріз желілерімен толық қамтамасыз етіледі.

Аталған учаскеде тарату желілерін салу ағымдағы жылға жоспарланған. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Еске салсақ, Алматының Алатау ауданындағы 11 шағын ауданында инженерлік желілерді дамыту аясында биыл айтарлықтай жобалар жоспарланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді