Қазақстандағы жер сілкінісі: көш басында қай қала және жер дүмпуі қаншалықты жиі сезіледі

Соңғы жылдары әлемде жойқын жер сілкіністері жиі орын алуда. ХХІ ғасырдағы ірі 20 зілзаланың бесеу 2021-2023 жылдар аралғында болды. Бақытымызға орай, Қазақстанда сыни түрде жоғары баллдық жер дүмпуі сезілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

earthquakelist.org. деректеріне сүйенсек, соңғы 10 жылда ҚР-да және 300 км-лік радиуста 4 баллдан асатын 826 жер сілкінісі болды (төменгі магнитудасы бар жер сілкіністері есепке алынбады). Орташа алғанда, жылдық саны 82 жер сілкінісі немесе айына алты зілзала болады. Сондай-ақ, Қазақстан маңында жер дүмпуі шамамен төрт күнде бір реттен сезіледі.

Ranking-тің жазуынша, 826 зілзаланың 796 жағдайында магнитуда 4 баллға тең болған. Сондай-ақ 5 баллдық 29 оқиға мен бір рет 7 баллдық зілзала тіркелген.

Өңірлік бөліністе Алматы көш басында. Мұнда жылына шамамен 47 жер сілкінісі болады. Үздік үшттікке Алматы (жыл сайын 16 ) және Жамбыл (15 ) облыстары кіреді.

Шымкентте жыл сайын орта есеппен 13 жер дүмпуі тіркеледі, Шығыс Қазақстан облысында-жеті, Маңғыстау және Түркістан облыстарында – үш жер сілкінісі, Атырау және Қарағанды облыстарында – бір реттен болады. Басқа аймақтарда айтарлықтай іс жүзінде байқалмайды.

Өткен ғасырдың басынан бастап Қазақстан аумағындағы ең ауыр жер сілкінісі 1911 жылы 4 қаңтарда болды, оның магнитудасы 8 баллды құрады. Сондай – ақ, ең күштілерінің қатарында 1946 жылғы 3 қарашадағы 7,5 балдық және 1992 жылғы 19 тамыздағы 7,3 балдық жер сілкінісі кіреді. Егер біз соңғы 10 жылға тоқталсақ, онда ең күшті жер сілкінісі 2024 жылдың 23 қаңтарында сағат 00:09 – дағы -7 баллдық зілзала.

Жалпы әлем туралы айтатын болсақ, ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Мексика жыл басынан бері болған жер сілкіністерінің саны бойынша көшбасшы болып табылады. Жапония, Индонезия, Тайвань және Филиппин "дүмпу сезген" елдердің бестігіне кірді.

2024 жылғы 5 шілдеде ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 2024-2028 жылдарға арналған сейсмологиялық саланы дамытудың кешенді жоспарын бекіткен қаулыға қол қойғаны хабарланды. Құжат елдің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруды көздейді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: