Түркияда қаңғыбас иттерге қатысты заң қабылданды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркияда бірнеше айдан бері талқыланып, қоғамда үлкен пікірталас тудырған қаңғыбас ит-мысықтарға қатысты заң қабылданды. Енді алдағы 4 жыл ішінде көшеде қараусыз жүрген барлық ит пен мысықты арнайы орталықтарға жинайды.

Мамандар оларды емдеп, пішіп (кастрация), тіркеуге алады. Одан кейін оларды асырап алғысы келген адамдарға береді. Ал жұқпалы ауруы бар немесе қолға үйренбейтін қабаған иттер өлтіріледі.

17 баптан тұратын заңға сәйкес, 2025 жылға дейін Түркия аумағындағы барлық ит пен мысыққа электронды чип салынуы керек. Сондай-ақ жергілікті әкімдіктер 2028 жылға дейін иесіз иттерге арналған арнайы орталықтар салуы тиіс, деп жазады qazaqstan.tv

Жаңа заңға сәйкес, бұл баптарды орындамаған шенеуніктер 6 айдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.

"Бұл заң жануарларды өлтіру емес, қаңғыбас иттерге жаңа қожайын тауып беру үшін дайындалды. Яғни, біз алдымен қараусыз жүрген жануарларды орталықтарға жинаймыз. Содан кейін оларды алғысы келетін адамдарға береміз немесе сол орталықта бағамыз. Ветеринарлардың шешімімен емделмейтін, жұқпалы ауруы бар немесе бағуға көнбейтін қабаған иттердің көзін жоюға тура келеді." Ибраһим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады