Қызылорда прокурорлары тұтынушылардың құқығын қорғады

Сурет: pexels
Қызылорда облысының прокуратура органдары коммуналдық қызметті көрсетуші ұйымдар тарапынан тұтынушыларға негізсіз артық талаптар белгілегенін анықтады.

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің үлгілік шарты Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 12.11.2014ж. №117 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Үлгілік шарт).

Үлгілік шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындамаған тұтынушы тұрақсыздық айыбын төлейді, бірақ тұрақсыздық айыбының сомасы берешек сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.

Дегенмен "Қызылорда газ тарату жүйесі" коммуналдық мекемесі мен тұтынушылар арасында жасалған шарттарда тұрақсыздық айыбының шекті сомасы көзделмеген.

Бұның салдары тұтынушыларға қосымша шығындар келтірген.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде шарттар заңнама талаптарына сәйкестендірілді және 9321 тұтынушының, оның ішінде 399 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады