Қызылорда облысында аса ірі көлемде марихуана тасымалдаған екі ақтөбелік ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысының полицейлері "Қарасора – 2024" іс-шарасы барысында есірткінің аса ірі партиясын тасымалдаған екі ақтөбелікті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самара – Шымкент тасжолында Қызылорда облысы Арал ауданының тұсында Қызылорда ПД патрульдік полиция рота қызметкерлерімен жылдамдық режимін бұзған Nissan Primera автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан үш үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен алынған зат 6 келі 260 грамм кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Автокөлікті тізгіндеген 42 жастағы жүргізуші мен жолаушысы Ақтөбе облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?