Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.
Бұл орайда 130 қатардағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, 34 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілген екен.
Аталған мәселелерді Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов облыстағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылмауы, әлеуметтік құқықтары мен заңнамамен кепілдік берілген төлемақыларының сақталуына үнемі бақылау жүргізілетіндігіне тоқталды.
"Мәселен, Департаменттің бастамашылдық жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қажеттіліктерге байланысты іссапарларының тиісті төлемдерінің жүргізілмеу фактісі тіркеліп, енгізілген ұсыныс негізінде 1,4 миллион теңге іссапар шығындары төленіп берілген. Сол секілді, негізсіз шығарылған 7 актінің күштері жойылса, 200 000 теңгеге жуық ақша бюджетке кері қайтарылған". ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы департаменті
Бұған қоса, келісімсіз мереке күндері және демалыстар беру міндеттіліктері көзделместен жұмысқа тартылған 34 қызметкерге заңнамада көзделген ақы төленетін 1021 демалыс сағаттары беріліп, 6 қызметкердің еңбек жағдайлары қалпына келтірілгені белгілі болды.
"Сонымен қатар, анықталған аудандық деңгейдегі 3 қызметкерге еңбекақылары толық мөлшерде жүргізілмеу дерегі бойынша қызметкерлерге лауазымдық жалақылары қайтадан есептеліп, бірнеше ай бойы төменгі мөлшерде жүргізілген ақы айырмалары өтеліп берілген". ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы департаменті
Бұдан бөлек атап өтетін жәйт, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыруды көздейтін, барлық конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін "Е-қызмет" жүйесінің сыртқы порталы іске қосылған. Оны қазір барлық мемлекеттік органдарда ендіру жұмыстары басталған екен.
"Осы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі әрбір азаматқа конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн қатысуға мүмкіндік беріп, адами факторларды азайтады, сондай-ақ анонимділікті қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін жасақталған. Осыған байланысты іріктеу процесіне деген сенім мен конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің саны артады".Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов
Бұған қоса, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік грант бойынша оқу орындарын жоғары көрсеткішпен бітірген түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігін қалыптастырылған.
Бұл мемлекеттік қызметке білікті жас мамандарды тартуға және жергілікті жерлерде кадр тапшылығын төмендетуге ықпал етеді деп санайды Департамент басшысы.
Бүгінгі таңда ауылдық және аудандық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурссыз тағайындалып, ілгерілеген түлектер қызмет атқаруда екен.