Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі. 2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асыруда.
Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі.
Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында орналастырылды:
1) "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ;
2) "Астана халықаралық университеті" ЖШС;
3) "А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты";
4) "Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы" ЖШС;
5) "Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ;
6) "А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті";
7) "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" КЕАҚ;
8) "Астана медицина университеті" КЕАҚ.
Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.