"Жетісу" футбол клубының спорт директоры сотталды

Сурет: Instagram/jetisufk
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының спорт директоры Даулет Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады