Токиодан Цюрихке ұшып шыққан ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды

Сурет: Астана халықаралық әуежайы
Токиодан Цюрихке ұшып шыққан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдады", - деп хабарлады Астана әуежайы.

Сағат 16:00-де ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кеткен.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.

Сурет: Астана халықаралық әуежайы

Астана әуежайы барлық рейс үшін екі сағатқа жабылды. Осының салдарынан тұрақты рейстер де кешігеді.

Сурет: Астана халықаралық әуежайы

"Біз жолаушыларымыздан келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жағдай біздің бақылауда. Жаңа ақпарат пайда болысымен бөлісеміз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!" Астана халықаралық әуежайы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды