Астанада "Таза Қазақстан" экоакциясына арналған 40 метрлік мурал ашылды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет Сығанақ көшесі, 1 үйінің қабырғасына салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның биіктігі – 40 метр және ауданы 480 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Муралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген. Көшетті суарып тұрған балалар өсу мен өркендеуді бейнелейді. Көк аспанның фонында шаңырақ пен уықтарды және Астананың көрнекті жерлерімен безендірілген жасыл планетаны көруге болады. Муралда "Таза Қазақстан — Таза болашақ" деген жазу жазылған.

Мурал осы жылдың сәуір айында басталған "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясының аясында салынған. Осы бастама аясында елордада түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған мыңдаған астаналық қатысты. Тұрғындар қаланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, өзендерді тазартуға және рұқсат етілмеген полигондарды жоюға белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларға қолдау беруде.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды