Астанада жылу қашан қосылатыны белгілі болды

Сурет: freepik
Астана күн күрт салқындап кетті. "Қазгидромет" РМК мамандарының айтуынша, түнде термометрлер тіпті 5-7 градусқа дейін төмендеп жатыр. Елордада жылу қашан қосылатыны жайында Zakon.kz тілшілері елорда әкімдігінен білді.

Ведомстваның берген мәліметі келесідей:

Елордада жылыту маусымы бес күн бойы тұрақты орташа күндік сыртқы ауа температурасы плюс 10 градус және одан төмен болған кезде басталады. Бұл ереже Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес.

Метеорологтар бұған дейін Астанада 5, 6 және 7 қыркүйекте жаңбыр жауатынын ескерткен болатын. Күндіз ауа температурасы +10+12°C болады. Түнде ол беске дейін төмендейді.

Сонымен қатар, Ақтөбе және Қостанай облыстарында үсік күтіледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі