Алматыда "Медеу" БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады

Сурет: Zakon.kz
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қыркүйек сағат 23:00-ден 6 қыркүйек 06:00-ге дейін "Samal" қонақ үйінен селден қорғау құрылымдары мен "Экобекет" аялдамасына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Айта кетейік, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Жабылатын күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы