Абай облысында 10-ға жуық қос азаматтық фактісі анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысы ПД көші-қон кызметі облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күнделікті жұмысты жалғастырып жатыр.

Басқа елдің азаматтығына кірмес бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан бас тартуы қажет екені туралы атап еткен жөн. Ол үшін З0 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарын өзге мемлекеттің азаматтығын алу жоспарланғаны туралы хабарлап, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет.

Өкінішке орай, Абай облысының кейбір тұрғындары бұл рәсімді елемейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады.

2024 жылдың 8 айында Абай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 10-ға жуық қос азаматтықпен жүргендерді анықтаған.

Қос азаматтықтың бірнеше себептері бар: төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл эмиграция мүмкіндігі, материалдық көмектер алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалар туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік жағдайлары және т.б.

Мысалы тамыз айында Бородулиха аудандық ПБ-нің көші-қон қызметінің қызметкерлері Бородулиха ауданының 54 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2024 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы хабарламаған және сәйкесінше Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы ресімдемеген.

Сот шешімі бойынша құқық бұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылды. Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылуы рәсімделді.

Абай облысы ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді