Ольга Рыпакова Азия олимпиада комитеті атқарушы комитетінің құрамына енді

Сурет: olympic.kz
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті спортшылар комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Азия олимпиада кеңесі атқарушы комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионының кандидатурасы Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиадалық қозғалыс құрлықтық органының бас ассамблеясы кезінде АОК атқарушы комитетінің қарауына ұсынылған еді.

Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Рыпакова АОК атқарушы комитетінде Орталық Азия аймағындағы әйел өкіл ретінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ отырыс барысында АОК президенті сайланып, Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) ұйым басшысы ретінде қайта сайланды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты