Алматы полициясы бес адамды алдап, қомақты қаражат жымқырған күдіктіні ұстады

Фото: Zakon.kz
Алматы полициясы бес адамды алдады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 29 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты, бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ер адам кем дегенде бес адамды алдады деген күдікке ілінді.

"Заңсыз әрекеттер баспанаға мұқтаж бірнеше азаматтың ірі көлемдегі ақшасын жоғалтқан кезде белгілі болды. Олар өзін қайырымдылық ұйымдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адамға 7 миллион теңге берген. Қаскөй оларға қайырымдылықтан және қордан баспана беруге уәде берді. Алайда баспана да жоқ, ақша да жоқ алдап кеткен. Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды", — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Полиция күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46 және 8-702-066-50-73.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді