"Сұр" жанармай экспортына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтіледі

Сурет: pixabay
2024 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскені байқалды.

Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және "сұр экспорт".

Бұдан бөлек, соңғы уақытта шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдерінің "бүркеншік тауарлар" ретінде экспортталғаны тіркелген.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылауды күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін