Түркияда ковидтің жаңа түрі тарала бастады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркияда коронавирустың жаңа ХЕС (икс е си) варианты тарала бастады. Бұған дейін Ресей мен Еуропа елдерінде ғана кездескен вирус Түркияда да көбейіп келеді.

Әсіресе мектептер мен университеттерде сабақ басталғалы тұмаудың бұл түрімен ауыратындар саны артқан.

Дегенмен мамандар әзірге дабыл қағып, карантин жариялайтындай қауіп жоқ деп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Әдетте күз айларында көбейетін басқа да жұқпалы тұмау аурулары сияқты коронавирустың бұл түрі де осы маусымда артып, кейінірек басылады деген пікірде.

Дегенмен жасы ұлғайған кісілер мен созылмалы науқасқа шалдыққан адамдардың вакцина алғаны жөн дейді дәрігерлер.

"Бұл вирустың бір ерекшелігі – ең алдымен тыныс жолдарын бітейді. Дегенмен өкпе қабынуы өте сирек болады. Коронавирустың жаңа түрлері бұрынғыларына қарағанда тезірек тарайды. Сондықтан әрдайым қол жуып, үйдің ауасын тазартып, көпшілік орындарды маска тағып жүру арқылы вирустан сақтанған жөн." Синем Илиаз, дәрігер
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда дәрігер бір қабылдауда науқасты қарап, рецепт жазып, анықтама бере алады

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады

Ер адам мәйітханада "тіріліп", темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Таразда кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдіргендер іздестіріліп жатыр