"Қазгидромет" 10 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 20 қарашада Қазақстанның 10 қаласында ауаның ластану деңгейі артады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 20 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіз тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының үйлесуі. Мұндай кезде ауаны ластайтын зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің 17 облысында күн райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript