Алматыда тағы бір инвесторға қолдау көрсетілді

Фото: unsplash
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы тұрақты түрде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізуде.

Алматы қаласында кәсіпорындарға өндірістік алаңдар құру жөнінде "Magnit plus" ЖШС-ніңинвестициялық жобасы іске асырылуда.

Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 530 млн теңгені құрайды, оны іске асыру 25-тен астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Алайда Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы инвесторға нысанның құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тартқан (уәкілетті орган — қолданыстағы заңнамада көзделмеген құжатты, яғни келісу парағын талап еткен).

Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы әкімдікке қадағалау актісін енгізу арқылы уәкілетті орган тарапынан болған заңсыз әрекеттердің жолын кесті.

Қазіргі уақытта "Magnit plus" ЖШС рұқсат құжаттарын алып, инвестициялық жобаны іскеасыруға кірісті.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда проблемалар туындаса, онда Сіз прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнінде Call-орталығы арқылы (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисінен (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді