Талғардағы жасөспірімнің өлімі: түнде зардап шеккендердің үйі өртеніп кетті

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың үйі түнде өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 12 қазан күні сағат 00:50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті.

"Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі жеткен сәтте сағат 01:08-де тұрғын үйдің шатырының өртенгені анықталды. Үй толығымен отқа оранған" Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрт 01:38-де оқшауланып, 01:43 сағатта сөндірілді. Жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында.

Марқұм Шерзат Полаттың отбасын полиция күзетін болды.

Бұл туралы полиция хабарлады.

"Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды