Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді

Фото: freepik
Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді. Бағаны бақылау үшін облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған.

Олар әлеуметтік газдың тұрғындарға ашық және әділ таратылуын қадағалап отыр. Қазір өңірде газ тасымалдаушы 23 оператор бар. Облыс аумағындағы автогаз құю бекеттерінде автокөлікке газды бөлшек саудада өткізудің шекті құны бекітілген.

Сәйкесінше аудандардағы баға сол күйінде сақталады. Ал бүгіннен бастап қала көлемінде автогаз 65 теңгеден сатылып жатыр, деп жазады Алматы телеарнасы.

"Он жылдан бері машина айдап жүрмін. Алдында газдың бағасы 70 теңге болды, кейін 68, ал қазір 65 теңгеге түсіпті", – деді қала тұрғыны Қуандық Рүстемов.

Газ құю бекеттеріндегі жағдайды арнайы комиссия бақылауға алса, жауапты басқарма басшысы "автогаздың өзге өңірлерге тасымалдануы да қадағалауда" деді. Ол үшін облыстың Түркістан, Ақтөбе, Жезқазғанмен шекарасына бекеттер қойылған.

"Өңірге бөлінген газдың сыртқа сатылмауын қадағалап отырмыз. Газ таратушы компаниялар өңірімізге бөлінген газдың бағасын шекті бағадан төмен 65 теңгеден сатып жатыр. Осы айда 8100 тонна газ бөлінді, оның 4500 тонна қалдығы бар"– деді облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Дәрігерлер не дейді

Қазақстанда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді