Құтқарушылар күніне орай 571 қызметкер арнайы марапатқа ие болды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін 19 қазанда Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікте Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Шараға министрліктің басшылығы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қонақтар қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

"Бүгін Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын!", деп атап өтті министр.


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 571 қызметкері кәсіби мереке құрметіне лайықты марапаттарға ие болды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді.

Сонымен қатар ТЖМ құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Оның қорытындысы бойынша кубоктар бірінші орын - ТЖ жою департаментіне, екінші орын – "Резерв" РМК және үшінші орын – Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына табысталды.    

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті.  

Айта кетсек, бүгін, 19 қазанда Қазақстанда құтқарушылар өзінің кәсіби мерекесін атап өтуде

Құтқарушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа өрт сөндіру бекетін аралап көрді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді