БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 38 үй салынды

Фото: freepik
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша тағы 38 үйдің кілті тапсырылды.

Ауданның бес ауылында бұған дейін 114 үй бой көтеріп, ел игілігіне берілген еді. Бірақ ондаған тұрғын аудандық комиссияның бастапқы қорытындысымен келіспей, шағым түсірді.

Нәтижесінде қайтадан техникалық сараптама жасалып, саман үйлердің іргетасы отырып, қабырғасы құлағалы тұрғаны анықталды.

Қазір зардап шеккен тұрғындар баспаналы болып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен, облыс бойынша қала мен бес аудандағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға барлығы 889 үй берілді.

Саяжай тұрғындарына 2 мың 300-ден астам пәтер сатып алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады