Елордада интернет клубтан екі телефон ұрлаған күдікті құрықталды

Фото: Zakon.kz
Елордада тәртіп сақшылары "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасының нәтижесінде қаланың интернет клубтарының бірінде ұрлық жасаған 39 жастағы азаматты ұстаған.

Күдіктінің интернет клубқа клиент ретінде келгені анықталды.

Кейін ол әкімшінің ұйықтап отырғанын пайдаланып, оның үстелінен екі Redmi Note телефонын алып, білдіртпей интернет клубтан шығып кеткен.

Жәбірленуші шығынды 150 мың теңгеге бағалады.

Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні өз үйінен ұстады. Күдікті азамат ұрланған заттың біреуін иесіне қайтарып берді, ал екіншісін сатып үлгерген.

Ұсталған азамат істеген ісін толық мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін