"Алтын домбыра-2024" иегері анықталды

Сурет: Zakon.kz
"Алтын домбыра-2024" ақындар айтысының жеңімпазы анықталды. Астанада өткен "Төрлет, еңбек адамы!" атты республикалық ақындар айтысы биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды.

Екі күн болған жыр додасына республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеп жүрген 14 ақын қатысты, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақтық сынға тек 8 өнерпаз жолдама алған. Айтыс қорытындысы бойынша қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан "Алтын домбыра" иегері атанды.

"Келесі жылы мемлекет басшысы жұмысшылар жылы деп жариялады. Сондықтан айтыстың тақырыбын біз төрлет еңбек адамы деп еңбек адамына арнап отырмыз. Ақындар тілге тиек етіп, ойға арқау етіп қарапайым еңбек адамдарының бейнесін, еңбегін жан-жақты жырлауды мақсат тұтқан болатынбыз." Аманжол Әлтаев — ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды